"Ресейдің қылмыстары артып барады"

Түркия Ресейдің азаматтарға қарсы жүргізген әуе шабуылдарын айыптады.

495972
"Ресейдің қылмыстары артып барады"

Түркия Ресейдің азаматтарға қарсы жүргізген әуе шабуылдарын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танджу Билгич Анадолы агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарованың Түркияның Сирия мен Қырым саясаты жөніндегі сөздеріне байланысты мәлімдеме жасады.

Билгич Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының соңғы кездегі Түркия жөніндегі жалған,  асыра сілтеген және жалаға толы сөздерінің Ресейдің Түркияға қарсы жүргізген «қара» үгіт-насихатының жаңа үлгісі екенін айтты.

Бұл жағдай Ресейдің Сириядағы шарасыздығының деңгейін көрсетеді.

«Ресей Федерациясы әкімшіліктің Сирияда ауруханалар, мектептер,  босқын лагерьлерін нысанаға алу,  химиялық қарулар және баррель бомбаларын да қосқанда барлық қаруды азаматтарға қарсы қолдану,  қалаларды қоршауға алып,  халықты аштыққа душар қылу арқылы адамдыққа қарсы жасаған қылмыстарына ортақ болуда,  сонымен бірге азаматтарға тікелей жүргізілген әуе бомбалауларымен өз қылмыстарын да арттырып отыр» деді ол.

Билгич Ресейдің айырықша террор ұйымы ДАИШ-ке көмек беріп отырған,  онымен мұнай саудасын да қосқанда барлық ынтымақтастықты жасап отырған Сирия әкімшілігімен ортақ екенін,  бір күні осыларға жауап беретінін еске салды.

«Орыс қару мен оқ-дәрілерінің PKK, YPG, ДАИШ және Әл Нусра сынды террор ұйымдарында қолданылып отырғанын жақыннан білеміз» деді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы: «Соңғы жылдары Украина және Грузия сынды көрші елдерге тікелей және жанамалы соғыс әдістерімен шабуылдаған, істеген істері әлемде айыпталған, құқыққа жатпайтын сыртқы саясаттары себебімен санкцияларға ұшыраған Ресейдің Қырымды аннекциясы тарихта қара дақ болып қалады. Бүл Түркия секілді басқа да елдер тарапынан танылмайды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар