Дағлыжада 1 әскер шәйіт болды

ПКК-лық террористтермен шыққан қақтығыста 6 террорист өлтірілді.

491349
Дағлыжада 1 әскер шәйіт болды

Хаккаридің Юксекова ауданы Дағлыжа аймағында ПКК-лық террористтермен шыққан қақтығыста 1 әскер шәйіт болды, 6 әскер жарақат алды.

Жаралы әскерлер ауруханаға жеткізілді. Шыққан қақтығыста 6 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде «Дағлыжа және аймақтағы ауылдық аймақта бөлшектеуші террор ұйымына қарсы жүргізілген операциялар тұрақтылықпен жалғасуда. Біздерді терең  қайғыртқан бұл оқиғада шәйіттерімізге Алланың рақымшылығын, жанұялары мен туысқандарына Түрік қарулы күштері мен ұлы түрік ұлты атынан көңіл айтып, сабыр тілейміз. Жарақат алған батыр әскерлерімізге де жедел шипа тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар