Диярбакырдың Лидже ауданында 1 әскер шәйіт болды

ПКК-лық террористтер жандармерия қолбасшылығына шабуылдады.

482327
Диярбакырдың Лидже ауданында 1 әскер шәйіт болды

Диярбакырдың Лидже ауданында ПКК-лық террористтер тарапынан жандармерия қолбасшылығына жасалған шабуылда 1 әскер шәйіт болды, араларында жазықсыз адамдар да бар 26 адам жарақат алды.

Жаралылар тікұшақтар және жедел құтқару көліктерімен Диярбакыр әскери ауруханасына жеткізілді.

3 жаралының жағдайының ауыр екені білдірілді.

Хани ауданынан Дижлеге қосымша күш ретінде жіберілген  полиция топтарын тасымалдаған сауытты көліктер өткен кезде де террористтер тарапынан жолға орналастырылған жарылғыштар жарылды.

Жарылыста 3 полиция қызметкері жараланды.

Мардиннің Нусайбин ауданында болса бөлшектеуші террор ұйымына қарсы 14 наурыздан бері жалғасқан операцияларда қазірге дейін 318 террорист өлтірілді. 227 баррикада мен 740 қолдан жасалған жарылғыш жойылды.

Ауданда барлығы мың 430 адам эвакуацияланса, азаматтарға мың 154 пакет азық-түлік жәрдемі жеткізілді.

Ванда да түскен хабарлауды бағалаған қауіпсіздік күштері Жібек жолы ауданында бір үйге жасағандары операцияда шыққан қақтығыста 1 террорист өлтірілді, 5 адам да тергеуге алынды.

Өлтірілген террористтің ПКК-ның Ван жауапкері екені білдірілді.

Ауданда террористтерді қолға түсіру үшін ауқымды операция басталды.

Басқа жағынан Газиантеп полиция басқармасына кеше азанғы уақытта бомба орналастырылған көлікпен жасалған шабуылмен байланысты 20-дан астам жерге арнайы жасақтар операция жасады. Операцияда кейбір күдіктілерді тергеуге алды.



Ұқсас жаңалықтар