Давутоғлуның «Жаңа Түркия Жолында» үндеуі

Премьер-министр күн тәртібін бағалады.

481720
Давутоғлуның «Жаңа Түркия Жолында» үндеуі

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Кут-үл Амаре соғысының күнәсіз ұлттардың отаршыл елдерге, басқыншыларға қарсы иықтасып жүзеге асырған ең үлкен көтерілісі екенін атап көрсетті.

Давутоғлу телеарналарда жарияланған «Жаңа Түркия Жолында» тақырыпты халыққа үндеуінде күн тәртібімен байланысты бағаландыру жасады.

Давутоғлу Кут-үл Амаре жеңісінің Таяу Шығыс аймағында бүкіл этникалық және діни топтардың отаршылдарға қарсы бірлік пен ынтымақтастық ортаға қойған бір табысы екеніне назар аударды.

Ислам әлемінде өз халқына зұлымдық жасаған режимдер мен әртүрлі ұждандық ережені таптаған қанішер террористік топтардың болмысына назар аударған Давутоғлу сыртта болса мейірімділік діні ретінде Ислам дінін толығымен басқаша танытқысы келген кейбір исламофобия күштері бар екеніне тоқталып, бұл қиын кезеңнен Ислам әлемінің табыспен шығатынын, өйткені ислам әлемінде енді Түркия сияқты табысты үлгілер бар екенін атап көрсетті.

Түркияда пидақор мемлекеттік кадрлардың бар екеніне назар аударған Давутоғлу «Террор шабуылдарымен еліміздің болашағын түнекке батырғысы келген әрқашан болады. Оларға қарсы ең үлкен күшіміз бірлік пен ынтымақтастығымыз болып табылады. Мынаған сеніңіз, әрі шекараларымызды қорғауда, әрі азаматтарымыздың тыныштық пен тұрақтылығын әр қаламызда табанды түрде кепілдікке алу үшін түні күні жұмыстанудамыз. Әр шараны қабылдап, барлық жұмыстарды атқарамыз. Бұл елдің түкпір-түкпірінде міндетті түрде қауіпсіздік пен толық еркіндік қамтамасыз етіледі» деді.

1 мамыр халқаралық еңбекшiлер мерекесiне тоқталған Давутоғлу «Адамның еңбегінен қайырлысы жоқ» деп жұмысшыларды еңбек күнімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар