Мардинде 1 әскер шәйіт болды, 6 әскер жарақат алды

Операциялар барысында 15 террорист өлтірілді.

478133
Мардинде 1 әскер шәйіт болды, 6 әскер жарақат алды

Мардиннің Нусайбин ауданында қолдан жасалған жарылғыш атылды 1 әскер шәйіт болды, 6 әскер жарақат алды.

Жарылыс бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшелері паналаған бір ғимараттағы іздестіру жұмыстары кезінде болды.

ПКК террор ұйымына бағытталған «көктем тазалығы» операциясы аясында Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағында операциялар жалғасуда.

Операцияларда Диярбакырдың Лидже ауданында 6, Мардиннің Нусайбин ауданында 5, Шырнакта 4 террорист өлтірілді, 1 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Карстың Кағызман ауданы ауылдық аймағында бақылау жұмыстары кезінде террористтермен шыққан қақтығыста болса 5 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Шырнактың Улудере ауданы Курешин Тепе аймағында да өте биік және тік алаңға жасалған операцияда әскери жасақтардың келгенін байқаған ПКК-лық террористтер асығып үңгірлерден қашып кетті.

Тұзақталған жарылғыштарды жойған қауіпсіздік күштері шамамен 100 метр ұзындығында және ішінде 4 бөлмесі бар бір үңгір тапты.

Үңгірде әртүрлі калибрде қарулар, оқ-дәрілер және азық-түлік материалдары қолға түсті.

Басқа жағынан Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби елінің ПКК-мен тікелей байланысы жоқ екенін атап айтты.

Джон Керби күнделікті баспасөз брифингінің артынан журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды. Керби террор ұйымы ПКК мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей ынтымақтастық бар екені жайлы қауесеттерді теріске шығарды.

Керби «ПКК басшыларымен тікелей байланысымыз жоқ. Олар шетелдік террор ұйымы ретінде қабылданады» деді.



Ұқсас жаңалықтар