Давутоғлу мен Рухани кездесті

Кездесуде түрлі террор ұйымдарымен күресте Түркияның табандылығы атап көрсетілді.

471922
Давутоғлу мен Рухани кездесті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Иран президенті Хасан Руханимен кездесті. Кездесуде түрлі террор ұйымдарымен күресте Түркияның табандылығы атап көрсетілді.

Екі сағатқа жалғасқан кездесуде екі жақты қатынастар, аймақтық тақырыптар және Стамбулда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммиті сынды тақырыптар қолға алынды.

Жақсы атмосферада өткен кездесуде әсіресе Иранға жүргізілген санкциялар алынып тасталғаннан кейін экономикалық ынтымақтастықтың жетілдірілуі үдерісіне тоқталды.

Кездесуде банк саласындағы ынтымақтастық, сауда айналымын арттыру, кеден қақпаларының әлеуетін көтеру, өзара инвестициялардың арттырылуы тақырыптарында келісімге келінді.

Сирия және Ирак бастаған аймақтық тақырыптар да қолға алынған кездесуде Сирия дағдарысының шешім үдерісінде елдің тұтастығының сақталуы және гуманитарлық трагедияның доғарылуына бағытталған ынталардың жалғастырылуы күн тәртібіне келді.

Премьер-министр Давутоғлу террор ұйымдарымен күресте Түркияның табандылығын атап көрсетті, Иран президенті де ДАИШ, PKK және олардың барлық жақтас ұйымдарының Иран мен Түркияның ортақ жауы екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар