Ердоған неміс телеканалыны бағдарламашысы Бөхмерманды сотқа берді

Президент Ердоғанның неміс ZDF телеканалының өзіне әдепсіз сөздермен өлең оқыған Йан Бөхмерманды сотқа шағымданды.

469394
Ердоған неміс телеканалыны бағдарламашысы Бөхмерманды сотқа берді

Майнц прокуратурасы жасаған жазбаша мәлімдемеде Түркия Республикасы президентінің Йан Бөхмерман жайлы неміс жаза заңының 185-ші бабына сәйкес қорлық жасау айыбымен шағымның өздеріне жеткізілгенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде бір қорғаушылар кеңсесі тарапынан берілген аталмыш өтініштің тақырыбының 31 наурыз күні жарияланған “ZDF Neo Royal" атты бағдарламада ашық түрде қорлайтын бір өлең екені атап көрсетілді.

Түркия мұның алдында да Германия Сыртқы істер министрлігіне тақырыппен байланысты нота беріп, Йан Бөхмерман жайлы неміс жаза заңының 103 пен 185-ші баптары бойынша тергеу ашылуын талап еткен болатын.

Неміс үкімет мәлімдемешісі Стефан Сейберт бұл тақырыпта бірнеше күннің ішінде шешім қабылдайтындарын атап, Германия канцлері Ангела Меркельдің бағдарламаның мазмұнына қарамастан мұны «ашық түрде қорлау» деп мәлімдегенін білдірген болатын.

Майнц прокурорлығы болса Бөхмерман жайлы өткен апта шетелдік мемлекеттердің өкілдерін немесе органдарын қорлау айыбымен тергеу бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар