Пайғамбардың қасиетті туған күні апталығы басталды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Дін істері басқармасы ұйымдастырған ашылу бағдарламасына қатысты.

467989
Пайғамбардың қасиетті туған күні апталығы басталды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Исламды ДАИШ террор ұйымымен теңегісі келгендердің тарихқа қарауын ұсынды.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Дін істері басқармасы тарапынан Анкарада ұйымдастырылған және биылғы тақырыбы «Әзірет пайғамбар, тәухид және бірлік» деп белгіленген Әзірет Мұхаммедтің Қасиетті туған күні іс-шара апталығы ашылу бағдарламасында үн қатты.

Бағдарламада Исламның ең маңызды айырмашылығының «Ах берілу» екенін түсіндірген Давутоғлу «Біздер бір рет Аллаға тәухидпен берілгендер, басқа еш нәрсеге берілмейміз. Қазір исламды ДАИШ-пен теңегісі келгендер немесе қазір исламды, әйелдерді жәбірлейтін бір дін сияқты көргісі келгендер, тарих беттеріне қарасың. Исламға дейін ешқандай діни дәстүрлерде әзірет Хатидже мен әзірет Айшаға деген құрметтеу, Исламға дейін болмаған. Тарихқа қарап көріңдер 'Әйелдердің қандай рухтары бар?' деп тарихқа емес замандас кезеңге қарасын. 19-шы ғасырға дейін батыс пәлсапасында 'Әйелдердің рухы бар ма, әлде жоқ па?' деген пікірталастар жүргізіліп, сайтанды әйелдің денесінен шығару үшін өртеу рәсімдері ұйымдастырылатын. Біздер болсақ пайғамбарға махаббатымызды, оның шешесі Аминаға деген сүйіспеншілікті түсіндірген мәуліт дәстүрінен келеміз» деді.

Давутоғлу «Біздің санамызға ДАИШ түсінігі сіңбейді. Біздің арамызға бұл махаббатты жойғысы келген ешбір күш те кіре алмайды. Бірлік осында тәухитті орындағандардың соңғы аялдамасы болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар