Мардин мен Шырнакта ПКК-лық 8 террорист өлтірілді

Соңғы операциялармен бірге Нусайбинде өлтірілген террористтер саны 344-ке, Шырнакта 324-ке өсті.

464256
Мардин мен Шырнакта ПКК-лық 8 террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде Мардиннің Нусайбин ауданында 7, Шырнак орталығында 1 барлығы 8 террористтің өлтірілгенін білдірді.

Соңғы операциялармен бірге Нусайбинде өлтірілген террористтер саны 344-ке, Шырнакта 324-ке өсті.

Операция кезінде көптеген қару-жарақ қолға түсті, қолдан жасалған жарылғыштар жойылды.

Шанлыурфада жолдан өткен көліктерді тексерген қауіпсіздік күштері террор ұйымы ЙДГ-Х мүшесі 14 террористті тергеуге алды.

Басқа жағынан Сириядан Түркияға заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 195 адам ұсталды.

Бас Штаб Басқармасы күнделікті жұмыстар мен іздеу құтқару жұмыстарын жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда Сириядан 195 адам заңсыз жолмен Түркияға кірген кезде ұсталды.

Сондай-ақ Түркиядан 11 адам Сирияға, 21 адам Грекияға және 11 адам да Болгарияға өткен кезде қолға түсті.

Іздеу құтқару жұмыстары аясында Муғланың Бодрум ауданы Акярлар аймағы оңтүстігінде 16 заңсыз мигранттың үрлемелі қайықпен табылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар