Премьер-министр әуежайда журналисттермен бас қосты

Давутоғлу күн тәртібімен байланысты журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

459042
Премьер-министр әуежайда журналисттермен бас қосты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Иорданияға аттанбастан бұрын Ататүрік әуежайы мемлекеттік қонақүйінде журналисттермен бас қосты.

Журналисттердің күн тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап қайтарған Давутоғлу түрік әскерінің Ирактағы болмысына тоқталды.

Ирактың солтүстігінде Мосул-Халеб желісінің солтүстігіндегі бүкіл аймақтардың Түркияға қарсы қауіпсіздік рискі туғызғанын атап айтқан Давутоғлу «Иракта Мосул, Сирияда Халебтің солтүстігіндегі әртүрлі кеңістік не ДАИШ не болмаса ПКК террор ұйымы тарапынан толтырылады. Сол жерлерде мұндай бос алаң пайда болмауы үшін батылдығымен аймаққа белгілі Түрік қарулы күштерінің сол жердегі болмысы әрі Иракта Ирак үкіметіне берілген бір қолдау әрі Түркияның қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған» деді.

Иорданияның Иерусалим мәселесінен бастап, Палестина халқымен тікелей байланыста болғандықтан арнайы бір маңызға ие екенін атап көрсеткен Давутоғлу «Біз Палестина күресін әлемнің түкпір-түкпірінде қолдаған мықты бір ел ретінде, Иорданиямен бұл тақырыптың тікелей жауаптысы секілді бөлісетін көзқарастарымыз арқылы Палестина мәселесін әрқашан күн тәртібінде тұтамыз» деді.

Давутоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Түркия-Ресей арасындағы дағдарыстың уақытша екені жайлы мәлімдемесін бағалады.

Давутоғлу «Бұл дағдарыстың уақытша екеніне біз де сенеміз. Рационалды ойлайтын орыс пен түрік лауазымдылар мен басшылар ретінде біздердің тарихи және жағрапия тұрғысынан Түркия мен Ресейдің жақсы ынтымақтастық жетілдіруіне міндетті екенін айтқым келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар