ПКК террор ұйымы ер балаларды күштеп әкетуде

Жизре, Сур және Силопиде жүздеген мүшесі жойылған ПКК террор ұйымы қазір әр үйден бір ер баланы күштеп әкетуде.

457425
ПКК террор ұйымы ер балаларды күштеп әкетуде

Анкарада 17 ақпан мен 13 наурыз күндері жасалған жанкешті шабуылдардың артынан террор ұйымы ПКК-ға қарсы наразылықтар артып жатқанда, ұйым бұл жолы өзіне қолдау бермеген аймақ халқын нысанаға ала бастады.

Сур, Бағлар, Силопи және Жизреде мыңдаған адамның үйін тастап кетуіне себеп болған ұйым бұл жолы балаларды нысанаға алды.

Операцияларда аймақта ауыр соққы алған ұйым террорист табу үшін азаматтарды қорқыта бастады.

Көңіл айту шатырларында, мешіттерде үгіт-насихаттар жүргізген ұйымнан балаларын құтқарғысы келген кейбір жанұялар ішкі істер министрлігінен жәрдем сұрады.

Жанұялар балаларының қолданылуын алдын алу үшін губернаторлықтарға және полицияға арыз бере бастады.

ПКК-лық жастардың құрылымы ЙДГ-Х мүшесі террористтер кішкентай балаларды да лаңкестік әрекеттерге итермелейді.

Балаларды үйлерінен алған соң баррикадалар құру үшін мәжбүрлеп, олардың арттарына жасырынады және оларды жанды қалқан ретінде қолданады.

Жанұялардан күштеп алынған 14-17 жасар балаларды ПКК лагерлеріне апарып, террорист ретінде жаттықтырады.



Ұқсас жаңалықтар