Еуроодақ министрі Бельгиядағы опасыз шабуылды айыптады

Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр Брюссельдегі оқиғаға қайғырғанын атап, көңіл айтты.

455998
Еуроодақ министрі Бельгиядағы опасыз шабуылды айыптады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі террор шабуылын айыптады.

Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі кезекті жиналысында шабуылды бағалаған премьер-министр «Жаһандық террорға, ДАИШ, ПКК, ДХКП-С немесе әртүрлі террор ұйымдарына қарсы барлық адамзатты бірге қозғалуға шақырамын» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі террор шабуылдарын айыптады.

Чавушоғлу ресми твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Брюссельдегі шабуылды лағынеттеді.

Министр Чавушоғлу мәлімдемесінде «Бельгия үкіметі мен халқына көңіл айтамыз» деді.

Еуроодақ министрі және Бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр болса Брюссельдегі оқиғаға қайғырғанын атап, көңіл айтты.

Бұл қауіптердің алдын алу үшін Еуропаға ортақ ұстанымға шақырған Бозкыр «Сондай бір сатыда тұрмыз. 'Біз айтқан едік, біз айтқандай болып шықты' дейтін тұғырда емеспіз. Ешбір ел мұны айтпау керек тек қана адам өміріне төнген қауіптердің алдын алу үшін бірге қозғалуымыз керек. Бұл мәселелерді тек қана осылай шеше аламыз» деді.

Қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, шипа тілеген Бозкыр бұл террор оқиғаларын ең жақсы түсінетін бір елдің министрі және азаматы ретінде үлкен қайғырғанын атап көрсетті.

Волкан Бозкыр соңғы кездері болып жатқан террор мен заңсыз көштің себебінің Сирия болғанына назар аударып, Сирия мәселесінің тез арада шешілуінің маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар