Сирияда қанды қақтығыс жалғасуда

Сирияда атысты тоқтату келісіміне қарамастан қанды оқиға жалғасуда

443449
Сирияда қанды қақтығыс жалғасуда

Сирияда атысты тоқтату келісіміне қарамастан қанды оқиға жалғасуда.

Еркін Сирия армиясына жақын болған Сирия төңкерісшіл шебі оңтүстікте Әл-Исха ауылындағы орталықтарының бомба тиелген көлікпен бомбаланғанын, шабуылда 18 адамның қаза тапқанын хабарлады. Ондаған адам жарақат алды.

Халеб маңында болса күрд топтары да ішінде болған Сирия демократиялық күштері қала маңындағы бір төбені Әл-Нусраның қолынан алды.

Бақылаушылар күрд топтарының ілгеріде Сирия режиміне қараста әскерлермен бірлесіп, Халеб маңындағы орындарды қоршауға тырысқанын алға тартуда.

ДАИШ және Әл-Нусра атысты тоқтату келісім ішіндегі топтар ішінде жоқ.

Енді бір жағынан Америка Құрама Штаттары Сирия режимінің Лазкиме, Хомус және Хамада жай халыққа шабуыл жасағандары жөнінде хабарлар келгенін білдіруде.



Ұқсас жаңалықтар