Түркия Сирияда әртүрлі терроризмге қарсы шығады

Асад режимі және қолдаушылары талай қылмыс істеді

440483
Түркия Сирияда әртүрлі терроризмге қарсы шығады

Анкараның қарсы болған нәрсесі қазір Сирияның солтүстігінде тұр. Бұл АҚШ, Ресей және Асад режимінің берген қате қолдауы кесірінен құрылуға тырысқан ПКК әкімшілігіндегі саяси бір террор мемлекеті болып табылады.

Дұшпандықтарды аяқтату үшін қол қойылған Мюнхен келісімінің сенбі күні түннің ортасынан кейін жұмысқа қосылуы күтілген кезде барлық назар Сирияға аууда. Алайда соғыс жалғасқан сайын қайғылар артуда. ДАИШ-ке қарсы болған Түркия террорға қарсы жасалған барлық шараларға қолдау көрсетуде. Бірақ Сириядағы соғыс қазір ДАИШ-ті күшейтуде. Соғыс түрі өзгеріп, Түркияның оңтүстік шекарасы бойынша үлкен бір қауіпсіздік қауіпі төнуде.

Анкараның YPG жөніндегі алаңдарын соңғы апталарда тең уақытта болған екі оқиғалар тіпті ушықтырды. Алдымен YPG-нің Африннің шығысына өту талпынысымен Азез, Тал Рыфат, Идлиб және Халеб аймақтарындағы байсалды оппозиция топтарына қарсы жасаған шабуылдар. Осы шабуылдардың Евфраттың шығысы және Африн арасындағы территорияларды басып алуы үшін жасалған жоспардың бір бөлшегі екені шайдай ашық. Уфук Улуташ айтқандай YPG-нің нақтылы мақсаты ДАИШ-пен күресу сылтауымен өз бақылауындағы территорияларды кеңейту. (http://www.nytimes.com/roomfordebate/2016/02/24/are-kurds-allies-or-obstacles-in-syria/the-kurdish-ypgs-fight-in-syria-is-to-win-territory-not-to-oppose-isis).

YPG қазір бұны орыс әуе шабуылдарының және Сирия лидері Башар Асад режимінің толық қолдауымен жасауда. Осы жағдай Ресей және Асад режиміне жәрдем берген кезде Сириялық оппозиция топтарды әлсіретуде. (http://www.nytimes.com/roomfordebate/2016/02/24/are-kurds-allies-or-obstacles-in-syria/unconditional-us-support-for-kurdish-forces-in-syria-harms-the-anti-isis-cause).

Екінші қайғы болса YPG-нің Америка Құрама Штаттары және Еуропа Одағы тарапынан террорист ұйымы ретінде қабылдаған ПКК-мен талай уақыттан бері жалғасқан қарым-қатынастарымен байланысты. Түркияда соңғы кезде артқан ПКК шабуылдары, ПКК-ға Түркия-Сирия шекарасы бойынша қару-жарақ, әскери жабдықтар және сарбаз жәрдемін берген YPG мүшелері тарапынан жасалған. Түркия бір жағынан шекараларын ДАИШ-ке және шетелдік сарбаздарға қарсы қорғауға тырысса, енді бір жағынан Сириядан қару-жарақ және ПКК-мен байланысы болған террористтер лаңкестіктерін тоқтату үшін шаралар жасауда.

ПКК Сирия бөлімшесінің ДАИШ-ке қарсы жасалған ауыз жүзіндегі соғыста қолдау алып жігерін арттырған. ПКК Сириядағы соғысы жаңа қызметкерлер тауып оларды Түркияда лаңкестіктер жасау үшін қолдануда. ПКК жақтаушылары көре алмаған бір шындық бар. ПКК Түркия үкіметі бастаған шешім процесін жалғыз өзі былықтырды. . (http://www.dailysabah.com/columns/ibrahim-kalin/2015/08/15/who-really-sabotaged-the-reconciliation-process).

Егер ПКК және оның саяси жалғастары шешім процесінің қайтадан басталуын шындығында қаласа, онда террор әрекеттерін оңай тастауға болады және қарусызданғанын білдіруі керек. Осылайша ПКК «Президент Режеп Тайып Ердоғанның күрдтерге қарсы соғыс» деп алдатушы түрде түсіндірген оқиғаларға қатал қарсы шығуына болады. Бірақ бұны жасауды қабылдамауда. Орнына бір жағынан ПКК және жақтаушылары бейбітшілік және демократия сөздерін қолданса, енді бір жағынан ПКК террорына қолдау көрсетіп ұйымды ақтауға тырысуда.

Түркия одақтастарынан қолдау алу үшін әртүрлі құқыққа ие. ПКК және YPG арасындағы террор байланысына көздерін жұмып алу әрі морал жақтан, әрі саяси жақтан қате. PYD 2003 жылы ПКК-ның түрмедегі лидері Абдуллах Өжаланның тікелей бұйрығымен құрылды. ПКК-мен бірдей идеологиялық мақсаттары бар және ұйымдық жүйе жағынан ұқсас. Ұйыммен болған байланысын ешқашан жасырмады. 1980 жылынан бері ПКК мүшелерінің мөлшермен 20 пайыздық бір бөлімі Сириядан келуде. Рагип Сойлы рапортында егжей-тегжейлі жазған мақаласында көптеген АҚШ ұлттық барлау ұйымының анализдері мен рапорттарына орын берген. Мұнда ПКК мен PYD арасындағы байланысқа сілтеме жасаған. (http://www.dailysabah.com/war-on-terror/2016/02/20/archives-testimonies-confirm-pydypgs-organic-link-with-pkk-terror-organization).

Анкараның ПКК және PYD-ні қабылдамауын күрдке қарыс бір тұғыр ретінде көрсету шын пейілдік әрекет емес. Нью-ЙоркТаймстың оқырмандарын қате бағытқа бұрған мақаласында пайымдаудың керісінше Түркияның әрі Түркия күрдтеріне, әрі Ирак күрдтеріне, әрі Сирия және Иран күрдтеріне қарсы бір тұғыры жоқ.

Түркия мейлі діни, мейлі Марксизм-Ленинизм идеологиядан болсын террор ұйымдарына қарсы. Түркия Солтүстік Ирак аймақтық күрд әкімшілігімен қою қарым-қатынас ішінде. Өйткені олардың ПКК-мен де , Асадпен де ешқандай байланысы жоқ. Бірақ батыста кейбір адамдар өз мүддесі үшін террор ұйымын жақтауда. Террор ұйымдарын заңдастыру үшін атсалысуда. Тек Ердоғанды жақсы көрмейсіз деп бір террор ұйымына қолдау көрсетуіміз сізді хақты қылмайды. Bloomberg-тің анализі бойынша АҚШ лауазымдар YPG-нің ПКК және режим тарапынан қолдау көрсетілген сарбаз топтарымен болған қарым-қатынасын дұрыстаған. «Кейбір ел лауазымы бізге АҚШ барлау ұйымының күрдтердің қарулы тобы және 2011 жылынан бері Асад режимімен бірдей саптарда соғысқан Иран төңкеріс қорғаушылары және Иерусалим күші лауазымдары арасындағы бір жиналысты дәлелдегендерін айтты. Сонымен қатар күрд тобы YPG-нің Түркиямен соғысып жатқан күрд террор ұйымы ПКК-мен қоян-қолтық жұмыс істегенін білдірді». (http://www.chicagotribune.com/news/sns-wp-blm-declassified-kurds-165fe466-da41-11e5-8210-f0bd8de915f6-20160223-story.html).

Анкараның қарсы болған нәрсесі қазір Сирияның солтүстігінде тұр. АҚШ, Ресей және Асад режимінің берген қате қолдауы кесірінен құрылуға тырысқан ПКК әкімшілігіндегі саяси бір террор мемлекеті болып табылады. Бұның Сирия күрдтерінің құқықтарын іздеуімен қатысы жоқ. Керісінше Анкара күрдтердің құқықтарын мейлі Сирияда , мейлі Иракта болсын қолдаған. Әслінде бұны ешкім тілге тиек етпеген кезде алдымен Сириялық күрдтердің Асад-пен болған құқықтарын Ердоған ортаға қойған. Тіпті ашық айтатын болсақ, 2014 жылы ДАИШ шабуылынан қашқан 200000 Кобанинің мемлекетіне кірулеріне рұқсат берген де Түркия.

Қазір ПКК-ның Сирия қолының Сирияның солтүстігінде күрд болмаған аймақтарға қарай таралуы. PYD және YPG адам құқықтарын бұзғаны айқын және Халықаралық кешірім ұйымы Amnesty Internationa-ның көзқарасы бойынша «ауылдарды күйретіп» соғыс қылмыстарын да жасады. (https://www.amnesty.org/en/press-releases/2015/10/syria-us-allys-razing-of-villages-amounts-to-war-crimes/).

Шындық мынадай: АҚШ, YPG-ні ДАИШ-ке қарсы қолдануда. Ресей болса Асад режимін өз мүддесі үшін Түркияға қарсы қолдануда. ДАИШ-ті Асад күрдтерді жеңу үшін әкесінің жолымен жүруде. Хафыз Асад Түркияға қарсы қолдану 1980 жылы ПКК-ның Сирияға кіруіне рұқсат беріп Ожаланға қауіпсіз бір орын жаратқан болатын. ПКК енді мүдделеріне қызмет етпеген кезде оларды есіктерінен шығарды. Тек бір жылдың алдында Башар Асад Сириялық күрдтерді ұмытып оларға зұлмат көрсеткен еді. Қазір болса оларды өз тарапына тартуға тырысуда. Өйткені PYD және YPG-мен Башар Асадтың мүддесі бар.

Барша PYD, YPG пен Сирия күрдтері арасындағы айырмашылықты аңғарулары керек. ПКК Түркиядағы күрдтерге өкілдік ете алмайды. PYD де Сирия күрдтерінің жалғыз өкілі емес. ПКК және PYD-нің идеологиясын бөлісе алмаған және Асад режиміне қарсы тұрған мыңдаған күрд бар.

ДАИШ-пен қарсы жүргізілген ауыз жүзіндегі соғыс Сирия және Иракта топтарға өкілдік берген соғысы арқылы шен пейілдіктен аулақ бір соғысқа айналды.

Қазір болса аяусыз түрде ДАИШ-пен соғысуда деген сылтаумен, 400000-ден астам адамның өліміне себеп болды және миллиондаған келімсектер ата мекенінен айрылды. Асад режимі және қолдаушыларының істеген аянышты қылмыстары үнсіз ұмытылуда.



Ұқсас жаңалықтар