"Түркия шекара бұзушылықтарға жауап береді"

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркияның шекарасына жасалған әртүрлі бұзушылықтарға жауап беретінін айтты.

437749
"Түркия шекара бұзушылықтарға жауап береді"

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркияның шекарасына жасалған әртүрлі бұзушылықтарға жауап беретінін айтты.

Халықаралық Әл жазира телеарнасының сұрақтарына жауап берген Давутоғлу Анкарадағы лаңкестік, Сириядағы оқиғалар және Түркия мен Ресей арасындағы келіспеушілік сынды тақырыптарда сөз сөйледі.

Анкарада 17 ақпан күні болған лаңкестіктің Түркияны емес, барлық адам баласын нысанаға алғанын білдірген Давутоғлу шабуылдың жауаптыларына байланысты жүргізілген тергеу туралы айтып берді.

Давутоғлу бомбаны жарған адамның барлық байланысы мен координация желілерінің анықталуы террор ұйымы PKK-ға алып барғанын атап көрсетті. «Бұл YPG мен PKK ұйымының ортақ ісі. YPG - PKK-ның бір жалғасы. Ешбір күмәніміз жоқ» деді ол.

«Бұл шабуылды жасағандар, міндетті түрде есебін береді. Есебі қашан және қалай болады, бұған біз шешім береміз» деді премьер-министр.

Сириядағы бітімнің маңызды сынақ екеніне назар аударған Давутоғлу алайда болашаққа оптимист қарай алмағандарын білдірді.

Ол 25 ақпан күні Женевада болатын келіссөзді Асад жүйесі мен Ресейдің елемегенін айтты. Ресей жүйеге қарсы барлық топтарды, сүннилерді, күрд, түрікмен және арабтарды елден қуғысы келеді. «Өмірлеріне қауіп төніп тұрған, аман қалғысы келетін барша азаматтарға есігіміз ашық. Түркия оларға көмектеседі» деді Давутоғлу.



Ұқсас жаңалықтар