Сыртқы істер министрі Рейтерге сұхбат берді

Министр Мевлүт Чавушоғлу Сирия тақырыбында көзқарас бөлісті.

434163
Сыртқы істер министрі Рейтерге сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияға құрлық операциясы жайлы қазірге дейін ешқандай шешім қабылданбағанын атап айтты.

Рейтер хабар агенттігіне сұхбат берген Чавушоғлу Сирияға кезкелген бір құрлық операциясы үшін АҚШ басшылығындағы коалициямен де келіссөз жүргізу керектігіне назар аударды.

Тек қана Сауд Арабиясы, Катар және Түркияның ортақ құрлық операциясы жоспарлағаны жайлы қауесеттің шындыққа жатпағанын атап айтқан Чавушоғлу «ДАИШ Түркияға шекара арқылы тікелей қауіп төндіруде. Бірақ тек қана Түркия емес, 100-ден астам елге қауіп төндіріп отыр. Сондықтан ортақ бір күрес аясында жоспарланған бір құрлық операциясы жалғыз Сауд Арабиясы, Түркия немесе Катардың бірігуімен мүмкін емес. Бұл мәселе тек қана 3 елдің мәселесі де емес. Коалицияға мүше барлық елдер ортақ бір құрлық операциясы жоспарлауға тиісті» деді.

ДАИШ-тің саяси бір шешім таппай жойылмайтынын атап көрсеткен Мевлүт Чавушоғлу шабуылдар тоқтамайынша Женева келіссөздерінің табысты өтпейтінін айтты.

ПЙД террор ұйымы тақырыбында АҚШ-қа шақыру тастаған Сыртқы істер министрі «Америка Құрама Штаттары мен Түркия ПЙД-нің Сириядағы болмысы жөніндегі келісімсіздіктерді жою үшін одан жиі жұмыстану керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар