Ішкі істер министрі террор операцияларын түсіндірді

Ішкі істер министрі Эфкан Ала Мәжіліс жоспарлау және бюджет комиссиясында депутаттармен ақпарат бөлісті.

432776
Ішкі істер министрі террор операцияларын түсіндірді

Ішкі істер министрі Эфкан Ала Шырнактың Жизре және Диярбакырдың Сур аудандарындағы операциялардың 95 пайыз мөлшерінде аяқталғанын атап «Сол жерлерде болымды нәтиже алатынымызға үміттімін» деді.

Ішкі істер министрі Ала Мәжіліс жоспарлау және бюджет комиссиясында депутаттарға террор операцияларындағы соңғы саты жайлы мағлұмат берді.

Силван, Варто, Дерик, Даргечит, Сур, Жизре және Силопиден тұратын барлығы 7 ауданда қазірге дейін 2040 ор мен баррикаданың жойылғанын түсіндірген министр Ала аймақта сондай-ақ 2313 дана бомба құрылғысын жойғандарын, 830 дана ұзақ атымды қару, 47 дана зымыран, 645 дана зымыран оғы, мың дана қолдан жасалған жарылғыш, 431 дана граната барлығы 98 мың дана қару-жарақтың қолға түсірілгенін атап көрсетті.

Қазір 3 ауданда коменданттық сағат режимінің жалғасқанын атап айтқан Ішкі істер министрі Ала Жизренің артынан Сурда да операциялардың соңғы сатыға жеткенін атап көрсетті.

Ала Түркияда қонақ болған сириялықтармен байланысты соңғы мағлұматтарды да бөлісті.

Қазірге дейін Сириядан келген барлығы 2 миллион 655 мың 456 адамның тіркелгенін мәлімдеген Ала осылардың 45 пайызының 20 жас пен одан кішкентай екенін және осылар үшін әртүрлі жобалар жасалғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар