"Аймақ қан көліне айналды"

Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайда Ауыл басшыларымен кездесудің 20-шысын өткізді.

430316
"Аймақ қан көліне айналды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка әкімшілігі террор ұйымы PKK-ның жалғасы PYD мен YPG-ні танымағандықтан Таяу Шығыстың қан көліне айналғанын айтты.

Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайда Ауыл басшыларымен кездесудің 20-шысын өткізді.

Ердоған осы ұйымдардың іші-қырын Америка басшыларына бірнеше мәрте түсіндіргенін, алайда олардың үнсіз қалғандарын айтты.

Президент: «Ей, Америка Құрама Штаттары, сіз бізге осы екі ұйымды таныстыра алмайсыздар. Біз оларды жақсы білеміз. Бірақ сіздер олардың ешқайсысын бүгінге дейін танымадыңдар, жетік білмедіңдер. Сондықтан аймақ қазір қан көліне айналды» деді.

Сирияда 400 мың жазықсыз адамның жанын елемей құрылған тұзақтың мақсатын жіті білетінін айтқан президент қару тастау сатысына келген террор ұйымының аймақты қайтадан қан көліне айналдырғанын атап көрсетті.

Президент «Америка террор ұйымдарының қасында ма, әлде Түркияның қасында ма?» деді.

«Бұл шаян мен құрбақаның хикаясы секілді. Сол шаян міндетті түрде оларды да шағады, себебі ол шаян. «Жауымның жауы – менің досым» деген сөз одақтастыққа жараспайды. Сириядағы әрбір іс міне, осы» деді ол.

Қазіргі таңда Түркияның ішкі қауіпсіздік мәселелерінің біріне айналған Сирия дағдарысында Анкараның шешім ұсыныстарын орындайтын уақыт келіп жеткенін айтқан президент Ердоған: «Террордың шекаралардан асып түсетін күшін көрмей, елемей, өз үйінде тыныш өмір сүремін деп есептейтіндер, қателескенін ақыр аяғында түсінеді. Түркияны террормен, террор ұйымдарымен күресте жалғыз тастап кеткендер, міне, сонда бізді түсінеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар