Шырнак пен Диярбакырда 10 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері ПКК террор ұйымына ауыр соққыларын жалғастыруда.

428942
Шырнак пен Диярбакырда 10 террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы Шырнактың Жизре ауданында жалғасқан операцияларда 10, Диярбакырдың Сур ауданындағы операцияларда 6 барлығы 16 террористтің өлтірілгенін жариялады.

ПКК-ға қарсы жүргізілген операцияларда қазірге дейін Жизреде 574, Сур ауданында болса 175 террорист өлтірілді.

Сондай-ақ Газиантеп қаласының Оғузелі ауданында Түркиядан Сирияға заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 10 шетелдік барлығы 11 ДАИШ мүшесі террорист ұсталды.

Шырнак қала орталықтарында да террористтер кеше бақылау камерасына бомбалы шабуыл жасады.

Жарылыста камера жарылып кейбір дүкендер мен көліктерге зиян келді.

Шанлыурфаның Вираншехир ауданында да террор ұйымына жарылғыш тапқан 1 адам ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар