Эгей теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Оқиғада 19 адам қаза тапты.

425274
Эгей теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Грекияның Сисам аралына барған келімсектер мінген үрлемелі қайық суға кетті. Оқиғада 8 бала барлығы 12 адамның жансыз денелері арал маңында табылды.
Истанкөй су айдынында да бір қайықтың суға кетуімен 2 бала, 7 адам қаза тапты.
Балыкесирдің Хавран ауданында сириялық келімсектер мінген кіші жолаушы автобусы аварияға ұшырады. Аварияда 1 бала барлығы 5 адам жарақат алды.
Авария Балыкесир-Чанаккале автожолының Шапчы маңында жүзеге асты.
Сириялық келімсектер мінген көліктің жүргізушісі көлікті бақылауында ұстай алмады.
Көліктегі 35 сириялық келімсектің 5-і жарақат алды.
Жаралылар Эдремит мемлекеттік ауруханасына апарылды.
Оқиға орнында бақылау жұмыстарын жүргізген жандармерия топтары тағы бірдей жерден өтіп бара жатқан бір кіші автобусты тоқтатты.
Іздестіру барысында Грекияның Мидилли аралына баруға жолға шыққан 37 келімсек ұсталды.
Екі автобустың жүргізушілері тергеуге алынып, 67 келімсек Хавран аудандық жандармерия қолбасшылығына апарылды.



Ұқсас жаңалықтар