Президент Ердоған Латын Америка елдеріне сапарлай барады

Чили, Перу және Экваторды қамтыған сапар аясында әртүрлі келісімдерге қол қойылады.

425041
Президент Ердоған Латын Америка елдеріне сапарлай барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 31 қаңтар - 4 ақпан күндері арасында Чили, Перу және Экваторға ресми сапар ұйымдастырады.
Ердоғанның сапары барысында екі жақты саяси және экономикалық тақырыптарға қоса, аймақтық және халықаралық жаңалықтар қолға алынады.
Әртүрлі салаларда екі жақты келісімдерге қол қойылатын сапар аясында Ердоған іскер форумдарына да қатысады.
Ердоғанның Чили сапары екі ел арасында дипломатиялық ынтымақтастықтың 90 жылдығына дөп келеді. Президент Ердоғанның сапары 1995 жылдан бері Түркиядан Чилиге президент деңгейінде жүзеге асқан тұңғыш сапар болады.
Перу мен Экваторға болса президент деңгейінде тұңғыш сапар ұйымдастырылатыны атап көрсетілді.
Ердоғанның 10-13 ақпан күндері арасында аймаққа екінші рет сапар ұйымдастыруы, Латын Америка елдеріне берген маңызды көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар