Бүгін Мұстафа Кемал дүниеден озған күн

Бүгін ұлы көсем Ататүрікті еске аламыз.

414189
Бүгін Мұстафа Кемал дүниеден озған күн

Бұдан 77 жыл бұрын сағат 9-дан 5 өткенде ұлы шынар құлады, ұлы көсем Мұстафа Кемал дүниеден озды.
Республикамыздың құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік шәйіт қанымен боялған отан территориясын түрік ұлтына аманат етіп, о бір дүниеге аттанды.
Ұлы көсем Ататүрік әр жылы осы уақытта еске алынады. Рәсімнің бірінші аялдамасы Ататүрік ескерткіші болады.
Президент Режеп Тайып Ердоған және оның басшылығындағы делегация таңертең Ескерткішті зиярат етіп, гүл шоған қойды.
Биылғы Ататүрікті еске алу рәсімінің орталығы болса Анкара сауда палатасы конгресі.
Іс-шара Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғарғы кеңесі тарапынан ұйымдастырылды.
Президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлұ қатысатын іс-шарада премьер-министр орынбасары Тугрул Түркеш те орын алады.
Астана Анкарада сонымен қатар Ататүрікті еске алу ат бәйгесі болады.
Сағат 9-дан 5 өткенде барша халық 2 минут орнында тұрып Ататүрікке құрмет көрсетеді.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар