Жойқын жер сілкінісіне 16 жыл болды

Жер сілкінісінде қаза тапқандар еске алынды.

330602
Жойқын жер сілкінісіне 16 жыл болды

1999 жылдың 17 тамыз күні болған Мармара жер сілкінісінде қаза тапқандар еске алынды.


Апаттың 16 жылдығында Гөлджүк ауданының Каваклы жағасындағы Жер сілкінісі ескерткіші алдында 17 мыңнан астам адам үшін рәсім өткізілді.


Жер сілкінісі болған түнгі сағат 03,02-де үнсіз еске алынды, қаза тапқандар үшін теңізге раушан гүлдері жіберілді.


17 тамыз жер сілкінісінде қаза тапқандар Ялова және Сакарияда да еске алынды.


1999 жылы 17 тамыз күні 7,5 балл күшінде жер сілкініп, 17 мың 480 адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар