Коалиция үкіметі келіссөз кезеңі аяқталды

Партиялар коалиция үкіметін құру талпыныстары аясында соңғы рет басқосты.

313895
Коалиция үкіметі келіссөз кезеңі аяқталды

Анкара Палас мемлекеттік қонақ үйіндегі басқосу 7.5 сағатқа жалғасты.
Жиналыстың артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик, премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Республикашыл халық партиясына коалиция ұсынысымен барған кезеңінің аяқталғанын айтты.
Министр Челик «Бізге тапсырылған міндет аясында қайта қарауға тиісті барлық тақырыптарды аяқтадық. Делегация ретінде партия төрағаларымыз және партиялардың жауапты мекемелеріне қажетті ұсыныстар жасайтын сатыға жеттік» деді.
Республикашыл халық партиясы төраға орынбасары және партия мәлімдемешісі Халук Коч болса жасаған мәлімдемесінде «Болымды не болмаса болымсыз деген бір жағдай жоқ. Біз анықтаған тақырыптарда маңызды, негізгі айырмашылықтар, басқашалықтар бар. Ортақ шешімге келген тақырыптар да аз емес» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар