Президент Режеп Тайып Ердоған Қытайға барады

Президент Ердоған 28-30 шілде күндері арасында Қытайға ресми сапармен барады.

304319
Президент Режеп Тайып Ердоған Қытайға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Ци Цингпингнің қонағы ретінде 28-30 шілде күндерінде Қытай Халық Республикасына ресми бір сапармен барады.
Ердоғанға сапары барысында министрлер, депутаттар, іскерлер және баспасөз өкілдерінен тұратын бір делегация серік болады.
Басшылар кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастық және мүмкіншіліктер қарастырылып, әр екі елге қатысты аймақтық және халықаралық тақырыптарда пікір алмасады.
Ердоған сондай-ақ Ұлттық Халық Конгресі төрағасы Чжан Дэцзян және премьер-министр Ли Кэцянмен де басқосады.
Сапар барысында Пекинде бір іскер форумы ұйымдастырылуы және екі ел арасында кейбір келісімдерге қол қойылуы жоспарланады.
Ердоған Қытай Халық Республикасы сапарының артынан 30 шілде мен 1 тамыз күндері арасында Индонезия Республикасына ресми сапармен барады. Индонезияға ұйымдастырылған сапарда Ердоған мемлекет басшысы Джоко Видодомен мемлекеттік сарайда басқосып, делегация аралық кездесулер өткізеді. Кездесулердің артынан Түркия-Индонезия іскер форумы өтеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар