Президент Бакуде

Ердоған алдымен Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен бас қосты.

302420
Президент Бакуде

Президент Режеп Тайып Ердоған 1-ші Еуропа ойындарының ашылу салтанатына қатысу мақсатымен Әзірбайжанның елордасы Бакуге кетті.


Ердоған алдымен Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен бас қосты.


Президент Ердоғанның екі күндік сапары аясында президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов және Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосуы жоспарланды.


Ердоған Түркия уақытымен сағат 18-де 49 елден 6 мың спортшы жарысатын 1-ші Еуропа ойындары Баку 2015-тің ашылу рәсіміне қатысады.


Ердоғанға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бен Жастар және спорт министрі Акиф Чагатай Кылыч серік болуда.


Президент Ердоған елге ертең оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар