"Жаңа үкімет тез арада құрылуы керек"

Президент Ердоған сайлау қорытындысы туралы айтты.

301438
"Жаңа үкімет тез арада құрылуы керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа үкіметтің тез арада құрылуы керектігін айтты.


Бас қала Анкарада өткен 4-ші Шетелдік студенттердің бітіру салтанатына қатысқан Ердоған осында сөйлеген сөзінде 7 маусым күнгі сайлаудың қорытындысына тоқталды.


Президент саяси партиялардың сайлау қорытындысын салқынқанды ойлап, жауапкершілік алуы керектігін білдірді.


Сандықтан шыққан нәтижеге баршаның құрмет көрсетуі керектігін атап көрсеткен Ердоған «Ұлттық шешіміне барша құрмет көрсетуі керек, барша өз мүддесін шетке тастауы керек» деді.


Президент Ердоған жаңа үкіметтің құрылуы тақырыбында қолынан келгенді жасайтынын айтты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар