Измир қаласында премьер-министрлік кеңсесі ашылды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Измирде премьер-министрлік кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысты.

286975
Измир қаласында премьер-министрлік кеңсесі ашылды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу ашылу рәсімінде айтқан сөзінде алдағы Жаңа Түркия бағдарламасының ең маңызды сатыларының бірінің Измир қаласы болатынына сенгенін білдірді.
Өйткені Измирдің Анатолы ішкі аймағы мен Азия ішкі аймағы және Еуропа мен Жерорта теңізін байланыстырған арнайы бір маңызға ие екенін атап айтқан Давутоғлу «Саяси күшіміз Измирді үкіметіміздің шешім орталықтарының біріне айналдырады. Бұл аяда Анкара мен Стамбұлға қоса маңызды бір шешім механизмі орталықтарының бірі Измир болады. Осында қабылданған шешімдер арқылы әрі Измир, әрі еліміз үшін табысты нәтижелер шығады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар