Ердоғанның Босния-Герцеговина сапары жалғасуда

Ердоған «Түркия Босния-Герцеговинаға әр салада жәрдем береді» деді.

282624
Ердоғанның Босния-Герцеговина сапары жалғасуда

Президент Режеп Тайып ЕрдоғанБосния-Герцеговинада мемлекеттегі шағын және орта деңгейдегі кәсіп орындарға қолдау көрсету үшін Түркия тарапынан бөлінген 50 миллион евролық несие бекіту рәсіміне және 50 жобаның қол қою рәсіміне қатысты.
Босния-Герцеговинадағы тұрақтылықтың экономикалық дамуы және тікелей шетелдік инвестициялардың артуын қамтамасыз ететінін баяндаған Ердоған мемлекетте өмір сүрген барлық топтардың береке-бірлік және селбесу ішінде өмір сүруі үшін атсалысқанын айтты.
Ердоған Босния-Герцеговинадағы мәдени мұраның сақталуына бағытталған жұмыстар аясында Қорлар Бас директорлығы жөндеуден өткізген Иса Бей Исхакович моншасы мен жөндеу жұмыстары ТИКА тарапынан жасалған Хүнкар мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар