НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы Анталияда өтеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеме жасады.

272414
НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы Анталияда өтеді

Екі күнге жалғасатын жиналыс Ауғанстанда қоныстанған НАТО Тұрақты қолдау қызметі (RSM) отырысымен басталады.
Отырыс Тұрақты қолдау қызметі құрамында сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асқан алғашқы жиналыс.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тақырыппен байланысты ұйымдастырған баспасөз мәслихатында халықаралық мекемелер мен елдердің террормен күресте жеткіліксіз қалғанын атап айтты.
Әсіресе ИШИМ-мен күрес аясында әуе шабуылдарының жеткіліксіз екенін атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның аралық аймақ тақырыбында ұсыныстарын лауазымдылармен бөліскенін атап көрсетті.
Жиналыстың ең маңызды тақырыптарының бірінің Ауғанстан екенін түсіндірген Чавушоғлу Түркияның бұл елге екі жақты әрі аймақтық, әрі НАТО аясында жәрдемдерін жалғастыруда тұрақты екенін атап көрсетті.
Мевлүт Чавушоғлу Украина дағдарысымен байланысты Түркияның бұл тақырыптағы ұстанымының нақты екенін атап, Ресей-Украина дағдарысының шешімінің тек қана ауқымды бір келіссөз арқылы мүмкін бола алатынын атап айтты.
Чавушоғлу Қырым татарларының қауіпсіздігімен байланысты болса Қырымға жіберілген бақылау делегациясының оралғанын және жақында бір рапорт жариялайтынын атап айтты.
Сыртқы істер министрі баспасөз жиналысының артынан канадалық және ауғанстандық әріптестерімен бас қосты.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен де жеке кездескен Чавушоғлу кешкі қонақ асыда Вишеград төрттігі сыртқы істер министрлерімен кездесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар