Армяндардың қолынан қаза тапқан шәйіттерді еске алу

Мәжілісі төрағасы Чичек Лиссабонда армян террористтер тарапынан өлтірілген түрік дипломаттардың ескерткішіне барды.

271346
Армяндардың қолынан қаза тапқан шәйіттерді еске алу

Армяндардың қолынан қаза тапқан шәйіттерді еске алу.


Ресми сапармен Португалияда жүрген Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Джемил Чичек бас қала Лиссабонда армян террористтер тарапынан өлтірілген түрік дипломаттардың ескерткішіне барды.


Түркияның Лиссабондағы өкілетті елшісі Эбру Барутчу Гөкденизлердің қатысуымен өткен зиярат өте әсерлі болды.


Ескерткішке гүл шоқтарын қойған және дұға қылған Мәжіліс төрағасы Чичек 1982 жылы Лиссабонда ескерткіш тұрғызылған жерде шәйіт болған Надиде Акбайдың немере апасының қызы екенін айтты.


Ескерткіштің тұрғызылуына үлес қосқан Оэйраш муниципалитет төрағасы Пауло Вистас және сәулетші Франциско Симоевке алғыс айтқан Джемил Чичек «Өте мағыналы ескерткіш. Алғыс білдіреміз» деді.


«Еркіндік», «Бейбітшілік» және «Әділет» деп жазылған үш бөлімнен тұратын ескерткіш 1982 жылы армян террор ұйымы мүшелері тарапынан өлтірілген Түркияның Лиссабондағы елшілігінде қызмет еткен атташе Эркут Акбай мен жұбайы Надиде Акбай және шетелде міндет атқарып жүріп шабуылға ұшыраған барша дипломаттарға арналып тұрғызылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар