Ердоған Филиппке көңіл айтты

Ердоған Испания королы Филиппке телефон шалып көңіл айтты.

281749
Ердоған Филиппке көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Францияда болған ұшақ апатында қаза тапқан 45 Испания азаматы үшін Испания королы Филиппке көңіл айтты.
Президент Ердоған король Филиппке телефон шалып, ұшақ апатында қаза тапқан азаматтар үшін қатты қайғырғанын білдірді.
Ердоған ұшақтағы 144 жолаушы мен 6 экипаждың қайтыс болуына түрік халқының қайғырғанын айтты.
Қаза тапқандар ішінде 45 Испания азаматы мен бір түрік азаматының орын алғанына назар аударған президент Ердоған дос Испания халқына және қаза тапқандардың отбастарына көңіл айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар