Алдын ала зілзаланы ескерту орталығы Түркияға құрылады

Түркия табиғи апатқа қарсы алдын ала ескерту жүйесі жетілдірілетін NASA жобасының орталығы болады.

264756
Алдын ала зілзаланы ескерту орталығы Түркияға құрылады

Зілзаланың салдарынан ең көп зардап шеккен елдердің бірі ретінде Түркия осы табиғи апатқа қарсы алдын ала ескерту жүйесі жетілдірілетін жұмыстарда белсенді рол атқарады.
NASA тарапынан құрылған «GeoCosmo» Зерттеу институтының Шығыс Еуропа, Орташығыс және Батыс Азия көрсеткіштері Измир қаласында сарапталатын болады.
Алғашқысы мамыр айында Докуз Эйлүл Университеті (DEÜ) Тыназтепе қалашығына құрылатын станциялардан түсетін ақпараттар NASA жер серіктері арқылы жіберілетін мәліметтермен бірге университеттің Компьютер ғылымдары кафедрасында сарапталып, «GeoCosmo» орталығына жіберіледі.
Жобаның Түркия қадамын атқаратын топқа басшылық жасайтын Докуз Эйлүл Университеті (DEÜ) Компьютер ғылымдары кафедрасы меңгерушісі профессор доктор Эфенди Насипоғлу NASA қолдау берген бір жобада болудың өзін толқығанын атап, жоба асында алғашқы сатыда Тыназтепе қалашығына 4 станция артынан елдің әртүрлі аймақтарына көптеген станциялар құрылатынын мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар