Вице-премьер Нуман Куртулмуш Жапонияда

Куртулмуш Сендай қаласында БҰҰ-ның ІІІ-ші Әлем апат рисктері конференциясына қатысты.

264187
Вице-премьер Нуман Куртулмуш Жапонияда

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Жапонияның Сендай қаласында 3-ші Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Әлем апат рисктерін азайту конференциясы аясында ұйымдастырылған министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстел жиналысына басшылық жасады.
Куртулмуш 39 елдің апаттарға жауапты министрлері мен жоғары деңгейдегі басшылары қатысқан жиналыста жасаған баяндамасында Түркияның әлемнің сейсмикалық қозғалыстар тұрғысынан ең белсенді аймақтардың бірі екенін лай көшкіні, сел апаты, су тасқыны, жар тас көшкіні, қар көшкіні сияқты апаттарды жиі бастан кешкенін атап көрсетті.
2009 жылы апат басқармасының барлық сатыларын ұйымдастыратын бір мекеме ретінде Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдайлар басқармасын (AFAD) құрғандарын атап айтқан Куртулмуш «Мұның қаншалықты дұрыс бір шешім екенін AFAD ортаға қойған табысты жұмыстар арқылы барша байқады» деді.
Куртулмуш AFAD тың табысының әрі түрік, әрі халықаралық қоғам тарапынан мақтау тұтылғанын атап көрсетті.
Нуман Куртулмуш баяндамасында халықаралық қоғамның назарын адамның қолынан шыққан басқа бір апатқа Сириядағы трагедияға аударғысы келгенін атап айтты.
Ішкі соғыс алдында Сирияның адам санының шамамен 21 миллион екеніне назар аударған Куртулмуш бұл адам санының 12,2 миллионының гуманитарлық жәрдемдерге мұқтаж екенін тілге тиек етті.
Вице-премьер Нуман Куртулмуш «Түркияның және Сирияға көрші мемлекеттер мен басқа да елдердің талпыныстары аса маңызды болса да жеткіліксіз. Сириядағы дағдарысқа толығымен шешім табу керек. Осы себепті халықаралық қоғамды бұл адамзаттық трагедияны жоятын саяси бір перспектива жетілдіруге шақырамын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар