Вице-премьер Ялчын Акдоған "Сирияға жәрдем акциясына" қатысты

Вице-премьер Ялчын Акдоған Сириядағы қырғындарға үнсіз қалған халықаралық қоғамға наразылық көрсетті.

258182
Вице-премьер Ялчын Акдоған "Сирияға жәрдем акциясына" қатысты

Анкарада ұйымдастырылған «Сирияға жәрдем акциясы» бағдарламасында сөз алған Акдоған бұл елдегі қырғынға әлем ұлттарының үнсіз қарап отырғанын білдірді.
Акдоған «Алдымызда Сирия сияқты бір адамзаттық трагедия бар. Қырғынның өзінен де жаман нәрсе бұл қырғынға үнсіз қалу» деді.
Сириядағы адамзаттық трагедиямен әлемнің адамзаттық бір емтиханнан өтіп жатқанын және осы сынақтан көптеген ұлттың өте алмағанын жеткізген Акдоған «Біз Түркия және түрік ұлты ретінде бұл емтиханды табысты түрде тапсырдық. Дегенмен осы емтихан аяқталған емес» деді.
Кейбір батыс мемлекеттерінің Сириядағы адамзаттық трагедияны тек қана әңгіме қылғанын атап айтқан Акдоған «Біздің ұжданымыз бар және ластанған саясатқа берілмейміз. Өз мүддеміз үшін қозғалмаймыз, ұжданмен қозғаламыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар