«Отбасы реформасы» Түркия мәжілісіне келді

Түркияда мемлекет бала тууды көбейту үшін үлкен қадам басуда.

198520
«Отбасы реформасы» Түркия мәжілісіне келді

«Отбасы реформасы» Түркия мәжілісіне келді.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу жақында жариялаған реформа пакетінде босанған әйелдерге жарты күн жұмысқа толық айлық мүмкіндігі, әрбір анаға материалдық көмек, 18 жасынан кішілерге жасау көмегі сынды жаңалықтар бар.


28 баптан тұратын жобаға қарағанда жұмысшылар декреттен кейін бірінші бала үшін 8 апта, екінші бала үшін 16 апта, үшінші бала үшін болса 24 апта жарты күн жұмыс істей алады.
Мүгедек балалары бар аналар үшін болса 360 күн жартылай жұмыс құқығы беріледі.


Мемлекет жеке меншік секторға арадағы ақшалай айырмашылықты төлейді.


Мемлекеттік қызметтері аналар болса 24 айлық айлықсыз демалыстан бұрын жартылай жұмыс істеу құқығын пайдалана алады.


24 айға дейін қолдануға болатын айлықсыз демалыс бойынша қызметтегі дәреже өсе береді.


Баласы бар мемлекеттік қызметкер бала бастауыш мектепке барғанға дейін қалыпты жұмыс мерзімінің жартысында жұмыс істеуді талап ете алады.


Бала асырап алған мемлекеттік қызметкерлер де осы құқықтарды пайдаланады.


Әрбір анаға босанған кезде алғашқы балада 300 түрік лирасы, екінші балада 400 түрік лирасы, үшінші балада 600 түрік лирасы материалдық көмек беріледі.


Мемлекет 18 жасынан кейін қолданылу мақсатты балалар үшін ашылатын «жасау» есепшотына 15 пайыз үлес қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар