ЕҚЫҰ 21-ші министрлер кеңесі жиналысы

Чавушоғлу бірқатар кездесулер өткізді.

138080
ЕҚЫҰ 21-ші министрлер кеңесі жиналысы

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 21-ші министрлер кеңесі жиналысы кеше Швейцарияның Базель қаласында басталды. 

Жиналыстың шымылдығын Швейцария Конфедерация төрағасы және Сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтер ашты.


ЕҚЫҰ шаңырағы астында өткен ең маңызды жиналыстың алғашқы күні Украина дағдарысы талқыға салынды. Жиналысқа Түркия атынан қатысқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинадағы дағдарыстың Еуропаның қауіпсіздігі мен негізгі принциптеріне қатер төндіргенін атап, осы жағдайда ЕҚЫҰ-ның маңызының арта түсетінін білдірді. Чавушоғлу «Украина және төңірегіндегі дағдарыс Украинаның тәуелсіздігіне, саяси және территория тұтастығына құрмет көрсететін саяси келісім арқылы шешілуі керек, біз Қырымдағы жағдайды танымаймыз» деді.


Министр Чавушоғлу ұйым жиналысы қарсаңында Литва ұйымдастырған Қырым тақырыпты шараға да қатысты. Шараға Қырым татарларының көсемі Мұстафа Джемилев те қатысты. Сыртқы істер министрі осы шарада да Түркияның Қырымның аннексиясын танымайтынын атап көрсетті.


Мевлүт Чавушоғлу Албания Сыртқы істер министрі Дитмир Бушати және Австрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курцпен кездесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар