ЕҚЫҰ Министрлер жиналысы Швейцарияда басталды

ЕҚЫҰ-ның 21-ші Министрлер кеңесі жиналысына Түркияның атына министр Чавушоғлу қатысады.

137454
ЕҚЫҰ Министрлер жиналысы Швейцарияда басталды

Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 21-ші Министрлер кеңесі жиналысы Швейцарияның Базель қаласында басталды.
Жиналыста Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік жасайды.
Екі күнге жалғасатын жиналысқа 57 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысады.
Министрлер жиналыста Украина дағдарысы, Қырым және терроризммен күреске қоса, Таулы Қарабах мәселесі, Абхазия, Оңтүстік Осетия және Транснистрия келісімсіздіктеріне шешім іздеу тақырыптарын қолға алады.
Жиналыста Швеция 2015 жылы кезекті төрағалығын Сербияға табыс етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар