Йеменде жаңа кабинет құрылды

Түркия құрылған жаңа үкіметті қуанышпен қарсы алғанын білдірді.

186241
Йеменде жаңа кабинет құрылды

Түркия Йеменде премьер-министр Халид Махфуз Баххах басшылығында құрылған жаңа үкіметті қуанышпен қарсы алды.


Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Йемендегі барлық тараптарға заңды мемлекет биліктің ел көлемінде қабылдануы және бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіз ортаның қамтамасыз етілуі үшін елбасы мен жаңа үкіметке толық қолдау беруге шақыру тасталды.
Мәлімдемеде Шығанақ ынтымақтастық кеңесі бастамасы аясында Ұлттық диалог конференциясы қорытындыларының іске асырылып, саяси уақытша кезеңнің аяқталуы үшін 21 қыркүйек күні қол қойылған Бейбітшілік және Ұлттық ортақтық келісіміне барлық тараптардың бағынуының маңыздылығына назар аударылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ Түркияның бауырлас Йемен халқымен тарихи ынтымақтастық аясында Йеменнің бірлік пен шекара тұтастығы ішінде қазіргі мәселелердің шешімін кепілдікке алу үшін Йемен Үкіметімен әртүрлі ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын екендігі атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар