"Еуразия туннелі" жобасы жалғасуда

Еуразия туннелінің қазба жұмыстары бұғаздың 1 мың 180 метр тереңдігіне ұласты.

162801
"Еуразия туннелі" жобасы жалғасуда

Еуразия туннелі Жобасы (Стамбұл бұғазы құрлық туннелі) жұмыстары теңіздің астында жалғасуда.

 Туннель ұзындығы 1 мың 180 метр тереңдікке яғни, 35 пайызға ұласты. Бұғаздың астымен қазуға тиісті 2 мың 160 метрлік қашықтық қалды.
Азия мен Еуропаны тұңғыш рет теңіз астынан бір-бірімен байланыстыратын трасса жобасының жұмыстары жер қабатының асты мен үстінде жалғасуда.
Туннель ұзындығы 5 мың 400 метрді құрайтын жобаның бұғаздың астында қалатын бөлімі 3 мың 340 метр.
Байланыс жолдарымен жалпы 14 мың 600 метрлік ұзындыққа ие «Еуразия туннелі» жобасының ең терең жері Стамбұл бұғазының 106,4 метр асты.
Еуразия туннелі көлік қатынасы тығыз Стамбұлда жолаушылық мерзімін маңызды мөлшерде қысқартып, Азия мен Еуропа құрлықтары арасында 100 минутқа дейін созылған қатынас мерзімін 15 минутқа қысқартуды нысанаға алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар