Министрлер кабинетінің қаулысымен ‘Шешім кезеңі кеңесі’ құрылды

Ресми газетте жарияланған қаулыға қарағанда кеңеске премьер-министр немесе орынбасары басшылық жасайды.

145619
Министрлер кабинетінің қаулысымен ‘Шешім кезеңі кеңесі’ құрылды

Кезең аясында жүргізілетін жұмыстар және жауапты министрліктер арасында координацияны қамтамасыз ету мақсатты ‘Шешім кезеңі кеңесі’ құрылды.
Террорды жою үшін жүргізілген шешім кезеңіндегі мақсаттың Түркияны демократия, құқық және экономикада әлемнің алдынғы қатарлы мемлекеттерінің біріне айналдыру екені атап көрсетілген қаулыда Шешім кезеңі кеңесінде орын алатын тұлғалар да жарияланды.
Осыған қарағанда премьер-министр немесе өзі тағайындайтын бір премьер-министр орынбасарының басшылығындағы кеңесте премьер-министр орынбасарлары, Әділет, Сыртқы істер және Ұлттық Қорғаныс министрлері және премьер-министрлік кеңесшілері, Ұлттық барлау ұйымы басшысы мен Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік кеңесшісі қызмет етеді.
Кеңестің күн тәртібімен байланысты басқа да министр немесе тақырыппен байланысты тұлғалар кеңес жиналыстарына пікір алу үшін шақырыла алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар