Премьер-министр Давутоғлу Бакуде

Ахмет Давутоғлу СКТР-нан кейін шетелге екінші сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырды.

131939
Премьер-министр Давутоғлу Бакуде

Ахмет Давутоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан кейін шетелге екінші сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырды.


Ахмет Давутоғлу Әзірбайжанда Бакудегі Гайдар Алиев атындағы әуежайында Әзірбайжан вице-премьері Абиб Шерифов тарапынан қарсы алынды.


Давутоғлу бүгін Гайдар Алиевтің мазары, Баку шәйіттігі және түрік шәйіттігін зиярат етті.


Түрік премьер-министрін артынан Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады. Кездесуден кейін баспасөз мәслихаты өткізілді.


Давутоғлу екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап көрсетті. Түрік премьер-министр былай деді: «Түркия-Әзірбайжан қарым-қатынастарында соңғы 10-12 жыл ішінде өте маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Көптеген жобаны бірігіп жүзеге асырдық. Кавказда, Таяу Шығыста дағдарыс болып жатқанда, бұл тамаша өнеге. Жүзеге асырылған жобалар да тек екі елге қатысты емес, аймаққа пайдалы жобалар. Түркия мен Әзірбайжан иықтасқан кезде, бүкіл Кавказ, Балқан және Еуропа мен Азияға пайдалы».


Екі ел арасындағы байланыстың мықтылығын атап көрсеткен Илхам Алиев те былай деді: «Бүгін кездесуде екі жақты қатынастың бағытын талқыладық. Түркия мен Әзірбайжан қатынастары жоғары деңгейде. Бұл осылай болуы керек, себебі біз бауырлас халықтармыз. Біз ғасырлардан бері бір-біріміздің жанында болып келдік».


Премьер-министр артынан Бакудегі Түркияның Анадолы лицейіне барады. Артынан Әзірбайжан Ұлттық мәжілісінің төрағасы Октай Еседов және премьер-министр Артур Ресизадемен кездеседі.
Давутоғлу ертең Оңтүстік газ дәлізі жобасының іргетас қалау рәсіміне қатысады.


Премьер-министр Давутоғлуға Баку іссапарында вице-премьер Ялчын Акдоган, Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бен Ұлттық білім беру министрі Наби Авджы серік болуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар