Неміс барлау ұйымының Түркияны тыңдауы күн тәртібінде...

Екі елдің сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті.

95560
Неміс барлау ұйымының Түркияны тыңдауы күн тәртібінде...

Неміс барлау қызметінің Түркияны жасырын түрде тыңдағаны хабарларына орай Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу неміс сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.


Давутоғлу Түркияның наразылығын тілге тиек етті, «Одақтас екі ел арасында бір-біріне тыңшылық жасау қабылданбайды. Одақтас бір елдің барлауда нысана ретінде қаралуы одақтастық рухына жатпайды» деді.


Сыртқы істер министрлерінің әңгімесінде екі елдің барлау ұйымы басшыларының бас қосып, неміс барлау қызметінің түсініктеме беруіне шешім қабылданды. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар