Газаға жәрдем жалғасуда

Тағы да 3500 пакет азық-түлік Газаға жіберілді

92704
Газаға жәрдем жалғасуда

Түркия төтенше жағдайлар ұйымы Газаға әуе жолы арқылы гуманитарлық жәрдем жіберуді жалғастыруда. Түркиядан 3500 азық-түлік пакеті Анкара Эсенбоға әуежайынан Газаға жіберілді.
Азық-түлік пакеттерінде ең қажетті ұн, су, шекер, сүт және дайын азық консервтері бар.
Түркия апат мен төтенше жағдай ұйымы – АФАД Газа халқына жәрдем жеткізу үшін 11 шілдеде әуе жолы коридоры ашқан еді.
Сол күні Газадан 4 жаралыны алып шыққан АФАД алғашқы этапта 3500 азық-түлік пакетін Газаға жеткізген еді. Гуманитарлық жәрдем коридоры арқылы Түркиядан 11 мың пакет жәрдем жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар