Дауытоғлұ Ирак дағдарысына тоқталды

Ирак пен Ливиядағы оқиғалар өткел бермей келеді.

106357
Дауытоғлұ Ирак дағдарысына тоқталды

Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ Ирактағы оқиғаларға байланысты күнделікті мәлімет беру жиналыстарын жалғастыруда.
Кеше өткізілген жиналыста кепілге алынған азаматтарымыздың денсаулығына байланысты болымсыз жағдай болмағанын білдірді.
Сыртқы істер министрлігі лауазымдылары Ирак Түрікмен шебі атқару кеңесінің мүшесі Муниф Кафилидің шабуылда қаза тапқанын хабарлады.
Ирактағы оқиғалардың барған сайын ауырласа түскені білдірілді.
Жиналыста Иракта кепілге алынған азаматтарымыздың жанұясындағылармен байланыс жасалғаны, көлік жүргізушілерінің жанұясындағылармен ертең премьер-министрлікте бас қосатындары білдірілді.
Аймаққа бағытталған гуманитарлық жәрдем іс-шараларының жалғасып жатқаны, Апат және шұғыл жағдайлар басқармасы, Қызылай және ТИКА ұйымдары қызметкерлерінің аймақта гуманитарлық жәрдем жұмыстарын ұйымдастырғаны хабарланды.
Ливиядағы дағдарыс аймағынан түрік азаматтардың шығарылып жатқанын білдірген лауазымдылар осы аяда Түрік Әуе Жолдарының Мисуратаға ұйымдастырған рейстерінің көбейгенін, аймақтан 426 адамның шығарылғанын хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар