Ердоған мен Меркель телефонда әңгімелесті

Мосулдағы жаңалықтардың артынан дипломатиялық жұмыстар шоғырланды

92565
Ердоған мен Меркель телефонда әңгімелесті

Осы аяда премьер-министр Режеп Таип Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонда сөйлесті.
Премьер-министр Мосулдағы соңғы жағдай мен түрік азаматтарына зиян келмей елге оралуын қамтамасыз ету жұмыстары жайлы Германия канцлеріне мағлұмат берді.
Екі басшы халықаралық тақырыптарда да көзқарас алмасты.
Премьер-министр Ердоған мен Меркель алдағы кезеңде де байланысты жалғастыру тақырыбында келісті.
Премьер-министр Ердоған сондай-ақ 2014 жылы 24 мамыр күні Кельнге жасаған сапары барысында жергілікті мекемелердің қонақжайлығы және жақын ынтымақтастығы себепті Меркьелге алғысын білдірді.
Өзара қарым-қатынастар қолға алынған кездесуде Түркияда өтетін президент сайлауы да күн тәртібіне келді.
Премьер-министр Германиядағы түрік азаматтары бар қалаларда дауыс беру жұмыстарын жүзеге асыру туралы зал беруге қатысты кезеңнің жылдамдатылу керектігін еске салды.
Меркель болса осы тақырыпта ортақ көзқараста екендерін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар