Түркия парламенті тексеру комиссиясы Сомада

Комиссия апаттың шығу себебін тексеруде

89554
Түркия парламенті тексеру комиссиясы Сомада

Сомадағы шахта апатының шығу себептерін тексеру үшін құрылған Түркия парламенті тексеру комиссиясы кеше өз жұмысына кірісті.
Комиссия мүшелері апат болған аймаққа келіп жауаптылармен жолықты. Аудан әкімшілігіндегі жиналыстан кейін ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеме жасады.
Комиссияның төрағасы Али Рыза Алабоюн комиссияның мақсатының Түркияда бұдан соң мұндай апатты болдырмау үшін атқарылуға тиіс жұмыстарды белгілеу екенін айтты.
Алабоюн комиссия жұмысының апат болған шахтадағы шарттарға орай 3 айдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін білдірді.
Қазір шахтадағы жабық жерлердің ашылуын күтіп отырғанын айтқан Алабоюн апат болған жерді көрмей тұрып комиссия рапортын жазбайтындарын білдірді.
Комиссия мүшелері апатта қаза тапқан кеншілердің туыстарын да зиярат етті.
17 депутаттар құралған парламент тексеру комиссиясы Сомада шахта жұмысшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен де кездесетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар