Иран елбасы Рухани Түркияға келеді

Түркия мен Иран арасында бірсыпыра салада келісім-шарттарға қол қойылады.

84980
Иран елбасы Рухани Түркияға келеді

Иран басшысы Хасан Рухани президент Абдуллах Гүлдің қонағы ретінде 9 маусым дүйсенбі күні Түркияға ресми сапармен келеді.
Анкарада байланыс жүргізетін Рухани Чанкая сарайында қарсы алынады. Екі басшы оңаша кездеседі, артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасайды. Кездесулерден кейін баспасөзге мәлімет беріледі.
Иран президенті айырықша премьер-министр Режеп Таип Ердоганмен де бас қосады. Оңаша кездесуден кейін Рухани мен Ердоған басшылығында екі ел арасында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді. Осы аяда Түркия мен Иран арасында бірсыпыра салада келісім-шарттарға қол қойылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар