Қазақстаннан Ауғанстанға көмек
Бұл туралы Қазақстан үкіметі хабарлады.
Қазақстан Ауғанстанға құтқару топтары мен гуманитарлық көмек жібереді.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Қазақстан 7 қазанда Герат уәлаятында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін Ауғанстанға қолдау көрсетеді.
Ауғанстанға гуманитарлық көмек және құтқару тобын жіберу туралы шешім Үкімет комиссиясының отырысында қабылданды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға азық-түлік, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да негізгі материалдардан тұратын гуманитарлық көмек әуе және теміржол арқылы тез арада жөнелтіледі.
Сондай-ақ үйінді астынан адамдарды құтқаруға ҚР ТЖМ иттері мен құтқарушылары да қызмет етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан үкіметі су тасқынындағы шығындарға байланысты бірқатар жұмыс істеді
Қазақстанда су тасқынынан үйлері қирап қалған 356 отбасына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді.