Әлиев Ердоғанға алғыс айтты

Әлиев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында еліне көрсеткен қолдауына байланысты президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

2039661
Әлиев Ердоғанға алғыс айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында еліне көрсеткен қолдауына байланысты президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Әлиев «Әзіз бауырым.  БҰҰ Бас Ассамблеясындағы сөзіңізде Әзербайжанға берген қолдауыңыз үшін алғыс айтамын.  Әрқашан болғаны секілді бүгін де бауырлас Түркия Әзербайжанның жанында. Әзербайжан мен Түркия жақсы күнде де, қайғылы кезде де бірге. Халықаралық ұйымдарда әрқашан бір-бірімізді қолдаймыз. Шуша декларациясы арқылы қатынастарымыз стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Сіз де,  мен де Әзербайжанның ұлттық лидері Гайдар Әлиевтің «Бір ұлт, екі мемлекет» сөзін үмытпай, Әзербайжан мен Түркия арасындағы мызғымас бірлікті жаңа шыңдарға көтереміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар